Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат мемлекеттік шекараны қорғауды күшейтуді ұсынады

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 00:03 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Сенаторларға жалпы шекарада 51 автомобиль өткізу бекеті бар екені, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында орналасқан олардың 27-сі қайта жаңартуды талап ететіні айтылды. Бұл бекеттерді 2025 жылға дейін 5 кезеңде жаңғырту ұсынылып отыр.

Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздіккомитетінің кеңейтілген отырысы болды, онда депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед заң жобасының негізгі міндеті мемлекеттік шекараны қорғаудың қолданыстағы жүйесінің тиімділігі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру екенін айтты.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы бойынша сенатор Нұржан Нұрсипатов әріптестерінің атынан баяндама жасады. Ол бір кодекске және жиырма бес заңға түзетулер енгізу ұсынылып отырғанын айтты.

"Шекара қызметінің әскери басқару органдарының құрылымы түбегейлі жаңартылды. Егер бұрын әскери сипаты басым болса, енді оны аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарымен тығыз кіріктіру көзделіп отыр", - деп атап өтті сенатор Нұржан Нұрсипатов.

Сенат депутаты Сергей Ершов қосымша баяндама жасады. Оның пікірінше, заң жобасын қабылдау ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландыруға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту мен арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы мемлекеттік шекараны қорғау және күзету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Депутаттар заң жобасын бірауыздан қолдап, оны Палатаның қарауына енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ сенаторлар ҰҚК төрағасының орынбасары Дархан Ділмановпен және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Камалиевпен шекаралық өткізу пункттерін дамыту мен жаңғырту мәселелерін талқылады.

Сенаторларға жалпы шекарада 51 автомобиль өткізу бекеті бар екені, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында орналасқан олардың 27-сі қайта жаңартуды талап ететіні айтылды. Бұл бекеттерді 2025 жылға дейін 5 кезеңде жаңғырту ұсынылып отыр.

Сенаторлар салалық мемлекеттік органдардың өкілдеріне қашан көлік кептелісінің азаятыны, транзит әлеуетінің ұлғаятыны және шекарада қолайлы жағдайлар жасалатыны туралы қазақстандықтарды толғандырып отырған сұрақтарды қойды.

Отырыс қорытындысы бойынша Сенат депутаттары шекара заставаларының материалдық-техникалық бөлігін жақсарту жөнінде ұсынымдар топтамасын әзірледі. Осы ұсыныстардың барлығы салалық мемлекеттік органдар мен ұлттық қауіпсіздік органына жіберілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: