Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10-11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метр жел тұрады, боран соғады.
10-11 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
10 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге күшейеді.
10 қарашада Атырау облысында тұман түседі.
10 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
10 қарашада Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
10 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің секундына 15-20 метрге күшейеді.
10 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.
Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.
Дауылды ескертулерде желдің екпіні қатты секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге жетеді, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз. Шағын қалалар мен мегаполистер жағдайында дауыл мен дауыл кезінде де зардап шегуге болады.
Терезелер! Қатты дауыл кезінде үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелер тығыз жабылуы тиіс.
Балкондар! Шыныланбаған балкондар мен лоджиялардан қатты жел кезінде сыртқа түсуі мүмкін барлық заттарды (құмыралар, банкалар, жәшіктер, шөлмектер және т.б.) алып тастау керек. Бұрышта жасалған шыныланбаған балкондардан дауыл кезіндегі рамалармен бірге ескі терезелер ұшып кеткен жағдайлар болды.
Көшеде! Көшеде дауыл тұрған кезде өзіңізді жарнама қалқандарынан (және басқа да аспалы құрылымдардан), автобус аялдамаларынан, электр беру желілерінен, сондай-ақ ағаштардан мүмкіндігінше алыс ұстаңыз. Айналаңызға қараңыз, өзіңізді жан-жағыңыздағы адамның басына құлап кетуі мүмкін заттардан алшақ ұстаңыз. Құлауы мүмкін үзілген сымдар мен сырғитын заттарға (ағаштарға) жақындауға болмайды.
Паналау! Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратта немесе табиғи панада ол аяқталғанға дейін жасырыну қажет.
Үлкен ағаштар! Үлкен ағаштардың астында қалмауын, әсіресе терекке қатысты және олардың астына автокөлік қоюға болмайды, өйткені ағаш құлаған кезде қауіпті болуы мүмкін, оның бұтақтары құлауы немесе сынуы мүмкін. Шіріген және ескі, сондай-ақ жалғыз тұрған ағаштар өте қауіпті.
Үйде қалыңыздар, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.