Тоқаев ШЫҰ мемлекеттерін Биологиялық қауіпсіздіктің халықаралық агенттігін құруға шақырды
vlast.kz
Ол бұл ұсынысын БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойы кезінде де айтқан болатын.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Ол өз сөзінде Ауғанстанды қалпына келтіру және биотерроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінің өзектілігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан "ШЫҰ-Ауғанстан" байланыс тобы шеңберінде осы елдің әлеуметтік-экономикалық қалпына келуіне баса назар аудара отырып, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын. Еуразиялық кеңістіктегі кең ауқымды ынтымақтастықтың болашағы Ауғанстандағы жағдайдың тұрақталуына байланысты, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл арада зұлымдықты күштеу тәсілімен жеңу өте қиын болатыны анық.
- Экстремизмге, терроризмге, сепаратизмге және рухани құндылықтардың құнсыздануына қарсы тұруда біздің халықтарымыздың рухани әлеуетін жұмылдыру үшін ШЫҰ мемлекеттерінің бірегей мәдени мұрасын дамыту маңызды. Сондықтан біз ұйымның келесі мерейтойы - ШЫҰ мәдениеті жылын жариялауды қолдаймыз, - деп атап өтті Президент.
Жаһандық қару-жарақ бәсекесінің өршуі биологиялық қаруды бақылау жүйесін іске қосуды қажет етеді, деп санайды Мемлекет басшысы.
"Биотерроризм қатерімен байланысты тәуекелдерді бәріміз жақсы білеміз. БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы кезінде мен халықаралық биоқауіпсіздік агенттігін құруды ұсындым. Мен бұл мәселеде ШЫҰ-дағы әріптестерімнің қолдауына үміт артамын", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript