Жаңалықтар тізбегі
0

Қос азаматтығы бар мемқызметшілерді жұмыстан босату туралы заң жобасы мақұлданды

inform.kz inform.kz
Мемлекет басшысы өз Жолдауында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қатаң шараларды қабылдау қажеттігін айтты.

Мәжілісте қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілер мен квазисектор басшыларын жұмыстан шығару туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйегінде "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауын жариялаған болатын. Осы Жолдаудағы міндеттерді орындау мақсатында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленген. Құжатты Мәжілісте бірінші оқылымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова оқыды.

"Жалпыұлттық жоспардың 122-ші тармағы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берген адамдарға қатысты квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салуды енгізу және қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді немесе квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын жұмыстан шығару қарастырылған. Мемлекет басшысы өз Жолдауында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қатаң шараларды қабылдау қажеттігін айтты. Осыған байланысты Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы келесі түзетулерді енгізу ұсынылады: біріншіден, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салуды бекіту керек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің және квазимемлекеттік мекеме басшыларында қос азаматтық анықталған жағдайда оларды жұмыстан босату керек", - деді ол.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: