Оқу орындары 7,5 млн теңгені заңсыз ұстаған. Прокуратура алматылық студенттерге жақтасты
2gis/Ернұр Сағындық
473 колледж студенттерінің құқықтары қалпына келтірілді, студенттерге 3 миллион теңге көлемінде айыппұл мөлшері өтелді.
Қалалық прокуратура колледждердің сабақтан қалғаны үшін студенттерге салған айыппұлдарының заңды-заңсыздығын талдады, деп хабарлайды zakon.kz.
Мониторинг көрсеткендей, кейбір колледждер студенттерге сабаққа келмегені үшін айыппұл салса, басқалары оларға тәртіптік жаза қолданған. Колледждің кейбір ережелерінде студенттерге жазалау шаралары қарастырылған. Қала прокуратурасының араласуынан кейін колледж әкімшілігі аталған пункттерді алып тастау шараларын қабылдады. Қадағалау актісі бойынша, 473 колледж студенттерінің құқықтары қалпына келтірілді, студенттерге 3 миллион теңге көлемінде айыппұл мөлшері өтелді, - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
4 мыңнан астам колледж студенттерінен 4,5 млн теңге көлемінде кәсіподақтың пайдасына стипендиялардың бір бөлігін заңсыз ұстап қалу фактілері де анықталды.
Кәсіподақтардың қызметі жұмыс беруші алдындағы қызметкердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Студенттік стипендияның бір бөлігін ұстап қалу және айыппұл салу заңсыз тәжірибесі қадағалау актісімен тоқтатылды. Студент жастардың құқықтарының сақталуы қалалық прокуратураның тұрақты бақылауында, - дейді қалалық прокуратура.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript