Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа жылдан кейін алматылық оқушылар мектепке орала ма - Бекшин жауабы

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2020 23:30 Pixabay
Бұл - қаладағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың қалай ойысуына қарай анықталатын мәселе.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп оқушылары жаңа жылдан соң білім алудың бұрынғы форматына оралатын-оралмайтынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласындағы коронавирус инфекциясының (COVID-19) қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты қаласы тұрғындары арасында, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасында инфекцияның таралмауын болдырмау мақсатында, Алматы қаласының аумағында шектеу шаралары жүргізіліп жатыр.

- Бүгінгі күні дәстүрлі форматта оқыту 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық мектептерде, балалар саны 15 адамға дейінгі кезекші сыныптарға рұқсат етіледі; қалалық мектептерде кезекші сыныптар 1-ден 5-ке дейінгі сыныптарда, халықаралық мектептерде - ата-аналарының қалауы бойынша, 7-сыныпқа дейін рұқсат етілген, онда да 15 баладан аспау ескертуін ескере отырып оқыту. Алматы қаласында коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайына байланысты карантиндік шараларды жұмсарту немесе қатаңдату туралы шешімді Алматы қаласындағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде қабылдайды. Мектептердегі сыныптардағы оқудың кезең-кезеңімен жаңғыртылуы туралы ақпарат алдын ала ресми веб-ресурстарда орналастырылатын болады, - деді Бекшин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: