ТЖ департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
Қаржы мониторингі комитетінің ЭТҚ Ақмола облысы бойыншаТөтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті 2020 жылдың 6 қарашасында Ақмола облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымды тұлғаларға және басқаларға қатысты Қазақстан Республикасы аумағында (Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҚР ҚК 201-бабының 1-б. сәйкес (сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.
Ал ҚР ТЖМ баспасөз қызметі қызметкеріне қатысты жағдай министрліктің ерекше бақылауында, деп хабарлады.
ТЖ департаментінің қызметкері азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
Сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне байланысты осы қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қабылданатын болады, тіпті теріс қылықтары үшін қызметінен босатылуы мүмкін.
Жалпы, 2020 жылдың басынан бастап 765 заңсыз ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды. 22 жерасты казиносы жойылып, 12 мыңнан астам ойын автоматтары заңсыз айналымнан алынды.
Бұл көрсеткіштерге "Стоп-ойын" жедел-профилактикалық іс-шарасын жандандыру арқылы қол жеткізілді. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.