Жаңалықтар тізбегі
0

Мейрамханалар жаңажылдық корпоративтерге тапсырыс қабылдап жатыр

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2020 21:21 Pixabay
Карантин талаптары елемей, тығылып той-томалақ өткізіп жүргендер жетерлік.

Екі жастың қуанышынан бастап, туған күніне дейін атап өткіш отандастарымыздың кейбірі полицияға ұсталып, ірі айыппұл төлеп те жатыр. Бұл тізімге енді жаңа жылдық корпоратив ұйымдастырғандар да енетін секілді. Өйткені мейрамханалар қазірдің өзінде 200 адамға дейін тапсырыс қабылдап қойған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Карантин жеңілдемесе де, қазір "көкесі" мықты мейрамханаларда, есік пен пердені бүркеп алып, көңіл көтере беруге болады. Енді бір 10-15 күнде жаңа жыл да табалдырықтан аттағалы тұр. Демек "мысық пен тышқан" ойыны қазіргіден де қыза түседі деген сөз.

Ержан Байтанаев, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

Біздің мемлекетімізде бүгінгі күні топталған мерекелер өткізу не болмаса, корпоративтік жиындар өткізуге тыйым салынған. Сол себепті биылғы жылы жаңа жылдық тойлау басқа да мерекелерді топтасып бірге тойлауға әлі күнге дейін ешқандай рұқсат жоқ.

Бірақ СЭС-тің рұқсатына бас қатырып жатқан ешкім жоқ. Мейрамханалар қазірдің өзінде 100-200 кісілік ұжымдардың жаңажылдық кешіне тапсырыс қабылдап қойған.

Ержан Байтанаев, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

Ол туралы бізде де ақпараттар бар. Жұмыстардың барлығы мобилдік топтармен жүргізіліп жатыр. Кейбір бизнес өкілдері белден басып, әлі күнге дейін түнде тығылып, артқы есіктен не болмаса басқа есіктерден кіргізіп, қызметтерін атқаруда. Өңірлерде барлық жерде той өткізу тоқтамай жатыр.

"25-нен 28 дейінгі кез келген дата". "27-не? Қанша адам? Келіңіз, аламыз. Сөйлесеміз. Телефонмен айтпаймыз. Келесіз. Бәрін айтамыз".

Иә, көбісі телефонның ар жағынан ашылуға қашқақтайды. Кездесіп, талқылауға келістік. Кісі басына 16 500 теңгеден. Ішімдіктен басқасын осы сомаға енгізіп қойған. Түнгі 12-ге дейін сауық құруға рұқсат дейді.

"Көкесі" барлар жарнамадан да жасқанатын емес. Көпке белгілі қонақ үйлер желісі еш қымсынбастан жарнаманы жарып жатыр. Вирустың өршіп тұрғанына қарамастан, шоудың көкесін көрсетпекші.

Әрине, мұндай кеш қалтасы таяздарға арналмағаны белгілі. Осы орайда пандемия басталғалы тірлігі шатқаяқтап қалған шоумендер жаңа жылға пакет-пакет шоуларын ұсынып әлек.

Маханбет Бекжан, шоумен:

Бізде жаңажылдық корпоративтер өтіп жатыр. Алдыңғы жылға қарағанда сұраныстар аз әрине. Бірақ адамдар уже хабарласып, даталарды брондап жатыр. Үш түрлі пакетпен сатып жатырмыз. Бірінші пакет 120 мын. Екіші пакет 200 мын. Үшінші пакет 600 мың.

Пандемия біраз ысыраптан, дарақылықтан арылуға икемдегені рас. Онлайн неке, онлайн жұмыс қатарына енді онлайн корпоратив те қосылатын секілді. Қазірдің өзінде бірқатар мемлекет мұны қолға алып та үлгерді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: