Жаңалықтар тізбегі
0

Ақсулық кәсіпкер марал өсіре бастады

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2020 23:28 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ол сосын медициналық туризмді дамытпақ.

Алматы облысының Ақсу ауданына Шығыс Қазақстан облысынан 23 марал әкелініп, мал шаруашылығының тың бағыты қолға алына бастады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, марал мүйізінің қаны көптеген дертке шипа, ағзаны қалпына келтіріп, оңалтуға, аурудың алдын алуға септігі көп. Марал мүйізі қанының құрамында адам ағзасына пайдалы темір, кальций, магний, натрий, фосфор, калий сияқты көптеген микроэлементтер бар. Ал сорпасына түсу сүйек, буын ауруларына адам денсаулығын нығайтуға таптырмас ем.

Ақсу аудандық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Суықсай ауылдық округінде орналасқан "Аршалы тур" ЖШС марал өсіру арқылы медициналық туризмді дамытуды көздеп отыр. Шаруашылық кербұғыларды арнайы қоршалған аумақта ұстайды.

Жаңа кәсіпке ден қойған Берік Алдабергенов емдеу-сауықтыру кешенін ашып, демалыс орнын іске қосуды басты мақсат етіп отыр. Ол мұндай демалыс орнына туристердің көптеп келетініне күмәнданбайды. Осы кәсіптің қыр-сырын меңгеру үшін жаз уақытында Қатонқарағайға арнайы барып, қажет дүниелерді үйреніп қайтқан. Алдағы уақытта маралдардың санын арттырып, осы кәсіпті одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: