Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың әр жемқоры Жаңа жылдан бастап біліп жүруі тиіс өзгерістер

ИА "NewTimes.kz", сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 18:54 ИА "NewTimes.kz"
Бұрын ойланбай жейтіндер "енді 100 рет ойланып барып жеңдер" деген ескерту алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаменті директоры А.Базарбаева 19 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң туралы түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші. Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталған сыбайлас жемқорларға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды (ШМББ) қолдануға тыйым енгізілді.

Ерекшеліктер тек екі жағдайда қарастырылған:

- мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтар санатының жасауы (бұлар – жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, 58 және одан жоғары жастағы әйелдер, 63 және одан жоғары жастағы ерлер, бірінші және екінші топтағы мүгедектер);

- ынтымақтастық туралы іс-жүргізу келісімінің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты.
Залал толық өтелген және бас бостандығынан айыру орындарында жазалар болмаған кезде, азаматтардың аталған санаттары жазаның белгілі бір мерзімі іс жүзінде өтелгеннен кейін, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Ынтымақтастық туралы процестік келісімінің барлық шарттарын орындаған, ШМББ-ға құқығы бар адамдарға қатысты айтатын болсақ, оларды кінәні мойындау туралы келісім жасасқан адамдармен шатастырмау керек.

ҚПК нормалары бойынша процестік келісімнің:

1) кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы;
2) ынтымақтастық туралы келісім нысанындағы екі түрі бар екендігі белгілі.

Аталған жағдайда ынтымақтастық туралы процестік келісімінің барлық шарттары орындалған кезде, сыбайлас жемқорлық үшін ШМББ қолдану туралы, яғни мынадай екі негіз болған жағдайда ғана жасалуы мүмкін процестік келісімінің екінші түрі Заңда қарастырылады:

1) саралау белгісі болған кезде – қылмыстық топта (ҰҚТ) қылмыс жасау;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыстардың аса ауыр құрамдары бойынша (ҚК-ге сәйкес – бұлар пара алу мен берудің екі құрамы ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігі және 367-бабы 4-бөлігі, сондай-ақ ҚК-нің 450-бабы 3-бөлігі және 4-бөлігі, 452-бабы 4-бөлігі бойынша әскери қылмыстардың үш құрамы).

Көріп отырғанымыздай, ынтымақтастық туралы процестік келісімдер жасасу мақсаттарының бірі – бұл бүкіл қылмыстық тізбекті әшкерелеу. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тұрғысынан бұл өте маңызды.

Демек, біріншіден, аталған адамдар ШМББ бойынша босату мүмкіндігінен айырылады. Екіншіден, олар үшін қауіпсіздігі барынша төмен қоныс-колонияларда бірден жазасын өтеу мүмкіндігі жойылады.

"Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" атты ҚК-нің 361-бабы бойынша тағы бір мысал. Қандай да бір мемлекеттік органда, салада сыбайлас жемқорлықты түбірімен жоя отырып, әлеуметтік зұлымдықты оның барлық теріс салдарымен толық жойғанда ғана, қойылған мақсатқа қол жеткізуге болады. Сондықтан мұндай процестік келісімді жасасу және барлық шарттарын орындау-ШМББ қолданбауға қатысты норманы алып тастау ретінде қылмыстық заңнамаға енгізілді. Әрбір мемлекеттік қызметші енді 100 рет ойлана отырып, толық мерзімге "отыру" тәуекелін ар-ожданының сүзгісіне салады.

Екінші. Қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды қылмыстың ауырлығына қарамастан, жазаны өтеу үшін сот ең төменгі қауіпсіздіктегі ҚАЖ мекемесіне (қоныс-колониялар деп аталатын) бірден жіберуі мүмкін.

Енді парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар, ал бұл айтарлықтай (50-ден 3000 АЕК-ке дейін) және ірі (3000-нан 10000 АЕК-ке дейін) мөлшерде пара алу және беру, құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы, парақорлыққа бірнеше рет делдал болу жазасын өтеу үшін орташа қауіпсіздіктегі ҚАЖ мекемелеріне, ал аса ірі мөлшерде (10000 АЕК-тен жоғары) пара алған немесе берген адамдар - максималды қауіпсіздіктегі ҚАЖ мекемелеріне жіберілетін болады.
Осылайша, мұндай санаттағы адамдар үшін барынша қолайлы ұстау жағдайында жазаны өтеуге құқықтық тосқауыл қойылды.

Ал қоныс-колонияға ауысу үшін енді олар залалды өтеумен қатар, тағайындалған жазаның бір бөлігін түзеу мекемелерінде үлгілі мінез-құлықпен өтеуі тиіс.

Үшінші. Бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар (ҚК-нің 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптары) жасағаны үшін, санкциялар мен құқықтық салдарлар Заңмен тәртіпке күшейтілді.

Жазаны қатаңдату жөніндегі аса маңызды заңнамалық түзетулердің бірі ҚК-нің 366-бабына (Пара алу) түзетулер болып табылады, ол құқық қолдану практикасындағы ең "танымал" бап болып табылады.

ҚК-нің 366-бабына судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, оның ішінде құқық қорғау органының бірінші басшылары мен олардың орынбасарларына қатысты жаңа құрам (ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігі) Заңмен енгізіліп, бас бостандығынан айыру түріндегі санкция 5 жылдан 6 жылға дейін күшейтілді.

Енді құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның жай ғана, яғни 50 АЕК-тен кем пара алуы, қазіргідей орташа ауыр емес, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналатын болады.

Мұндай қылмыс жасалған жағдайда полицейге, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметінің қызметкеріне бұрынғыдай 2 жыл емес, 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленетін болады.

Ал, аталған құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының, олардың орынбасарларының, сондай-ақ судьялардың өкілеттіктерін теріс пайдалануы кезінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғаяды.

Жауапкершілікті қатайту парақорлықтың екінші тарапына да қатысты болды. Пара берушілер мен делдалдарға қатысты санкциялар күшейтілді. Пара беруші де, оны алушы да қатаң жазаланатын болады.

Бұл өзгерістер ағымдағы жылы 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: