Жаңалықтар тізбегі
0

Тышқан кеміріп кетті. Сиыр сүзіп тастамасын

Асқар Ахметуллин Асқар Ахметуллин
Алдағы жылы пандемия тоқтай ма?

Биыл карантиннің кесірінен тұралап қалған экономиканың түрлі салаларын келесі жылы не күтіп тұр? Әлем жұртын алаңдатқан нөмірі бірінші сауал – алдағы жылы пандемия тоқтай ма? Айналасы жылға толар толмас уақытта елімізде 200 мыңнан астам жан осы коронавирус пен пневмонияға шалдығып, үш мыңға жуығы оның құрбаны болды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Вирус ескі жылда қалып қоятындай сезінетініміз рас. Бірден басу айтайық, вирус ешқандай кетпейді. "Ол енді тұмаудың бір түрі ретінде адамзатпен қалады. Бұл биологиялық соғыс. Онда кімнің жеңіп, кімнің жеңілетіні өз қолымызда" дейді вирусолог маман.

Динагүл Баешева, вирусолог:

Коронавирус ешқайда кетпейді. Бұл бір. Неге десеңіз халыққа тарап кетті. Екіншіден, екпеге, өз уақытта чума, полиемиелит, сол екпенің арқасында бактериядан, вирустан құтылдық. Үшіншіден, ауырмауға тырысу керек. Алдағы жылы ол біздің қолымызда.

Енді тышқан жылы пандемиядан оңбай соққы алған салаларды алдағы жылы не өзгеріс күтіп тұр. Сайып келгенде сіз бен біздің келесі жылғы тұрмысымыз соған байланысты емес пе? Сарапшылардың сөзіне құлақ түрейік. Ел бюджетінің 44 пайызын мұнайдан түскен пайда құрайды. Былтыр тек сервистік компаниялар қазынаға 1,5 миллиард теңге салық құйса, алдағы жылғы болжам 40 пайызға кем. Вирустың ошағына айналып, қайта-қайта тұралаған мұнай компанияларында биыл 20 мың адам жұмыссыз қалыпты. Келесі жылғы болжам да солай.

Рашид Жақсылықов, мұнай сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы:

Алдымыздағы жылы біз ешқандай инвестициялық салымдар күтіп отырған жоқпыз. Инвесторлар 2021 жылы оянбайды,. Дүниежүзілік банк қазіргі таңда ең тиімсіз қаржы жұмсайтын сала - мұнай саласы деп шешім шығарған. Сондықтан инвесторлардың қосымша қаржы алатын көздері жабық. Келесі жылы бұдан да қиын болады. Қазіргі таңда бірде бір компанияларда келісім шарттар жоқ.

Кез-келген елдің экономикасының қозғаушы күші – орта және шағын бизнес. Ал бұл саланың да биылғы пандемиядан оңбай қалғанын ескерсек, кәсіпкерлерге алдағы жыл аяғынан тұру оңай болмайды дейді сарапшы. Карантин кезінде 13 мыңдай кәсіпорын орындары жабылып, 100 мыңнан астам шағын бизнес нысандары өз жұмысын тоқтатты. Алайда жаңа талаптарға өз кәсібін лайықтаған 13 мың кәсіпорын мен 120 мыңнан астам жеке кәсіпкер карантин кезінде қайта ашылып, өз ісін дөңгелетіп отыр.

Ләззат Нұрғалиқызы, экономист:

Онлайн -бизнес дейді, интернет арқылы сауда жасау, IT технология арқылы шет елге өз өнімін шығару, ең жақсысы инвтестиция. Осыған үйренген бизнес иелері табысын жоғалтпайды. Шағын бизнестің жандануына мемлекет тарапынан көмек болуы керек. Салық жағынан, не болмаса банк алдындағы қарызын өтеп берсе, ол бизнестер де есін жинап кетуге мүмкіншілік алады.

Экономиканың тағы бір маңызды саласы тұрғын үй нарығы. Көктемде үйінде отырып қалған жұрт, жазда пәтер саудасын қыздырып, оның бағасын 20 пайызға дейін қымбаттатты. Жаңа жылдан бастап 700 мың адам зейнетақы қорынан алған ақшасын жылжымайтын мүлікке салады деген болжам бар. Алайда риэлторлар олардың нарықтағы үлесінің аз екендігін алға тартып, бұл үрдіс пәтер бағасына әсер етпейді-, дейді. Оның үстіне алдағы жылы әскерилерге берілетін ипотекалық бағдарламалар аяқталатын көрінеді. Яғни, несие алу қиындайды.

Айжан Молдашева, риэлтор:

Пәтерлерің бағасы сәл сәл өседі. 5-10 пайызға. Екінші жағдай: ол жаңа тұрғын үй комплекстері көп салынып жатыр. Біз өзіміз кейбір үйлерді білмейміз. Өте нарықта соғылып жатқан үйлер көп. Ол бағаға үлкен әсер етеді. Соғылып жатқан комплекстер көп болғасын вторичка арзандайды. Первичный бағаға қарай вторичка әсер етеді, сондықтан 5-10 процентке қымбаттауы мүмкін. Бірақ артынша ол арзандауы да мүмкін.

2021-2023 жылға түзілген бюджет әлеуметтік бағдарламаларға бағытталған екен. Шағын және орта бизнестің дамуы мен жұмыссыздықтың азаюына ықпал ететін саланы алдағы жылы қандай өзгеріс күтіп тұр.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

2021-2022 жылы қатты өсім болады деп айта алмаймыз. Бірақ, вакцина ойлап табылса, мемлекеттер арасында экономкиалық қарым қатыстан келетін болса, онда экономкакны жанандыруға арналған іс-шаралардың жемісін көре аламыз. Шағын және орта бизнес дамудың екінші толқынына өтеді деген болжам бар. Яғни, осы шағын орта бизнестің мемлекет тарапынан болатын қаржылық көмегі тиімді болса, онда жұмыс орындарының көп болуына және тыңнан жаңа кәсіпорын ашылуына әкелетін фактор.

Сонымен экономиканың әр саласының жілігін шағып, майын жеген сарапшылардың пікірінше, алдағы жылы еліміз үшін оңай соқпайды. Мамандардың сөзінде шартты райда айтылған пікір көп. Вакцина табылса, мемлекет шағын және орта бизнеске көмектесуін жалғастырса, халықаралық қатынастар жанданса. Тышқан жыл бойы кеміріп, шұрқ-тесік еткен Қазақстан экономикасы алдағы жылы сиырдың мүйізіне ілінбей, желініне жабыссын деп тілейік.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: