Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әуежайы маңынан жер сатқандар қылмысын мойындамады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2021 17:09 видеодан кадр
"Жер телімін заңсыз беруге қатысы бар" деген 5 шенеунік пен бір риелтор күдікке ілінген.

Алматы Халықаралық әуежайының маңындағы жер телімдерін заңсыз сатқандарға қатысты басты сот процесі басталды. Фемида алдында ауданның экс-шенеуніктері мен риэлтор жауап беруде. Атышулы отырыс бірнеше мәрте кейінге шегерілген еді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Талғар ауданындағы шенділердің басына өткен жылы ұшақ апатынан кейін қара бұлт үйірілген болатын. Осыдан кейін "заңсыз жер телімін беруге қатысы бар" деген 5 шенеунік пен бір риелтор күдікке ілінді. Атап айтқанда Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Рустам Тұрысбеков, жер қатынастары бөлімінің экс-басшысы Қайрат Алтынбекұлы, Жер кадастрі ғылыми-өндірістік орталығының экс-басшысы Жарас Мәшімбаев, осы орталықтың басшысы міндетін атқарған Медеу Қалыбеков және осы орталықтың сектор басшысы Берік Абдуллаев пен риелтор Нұрайым Алданыш бар. Оларға қызмет бабын асыра пайдалану мемлекет мүлкін иемдану сынды бірнеше бап бойынша айып тағылған. Әуежай маңындағы жер телімдерінің заңсыз берілуіне осы тұлғалардың қатысы бар екен.

Жарқын Қаптағаев, мемлекеттік айыптаушы:

Алданыш Нұрайым алаяқтық әрекетке барып, алдын ала топ болып сөз байласу, алдау арқылы Абдуллаевпен бірлесіп өзгенің мүлкін жымқыру мен иемдену арқылы Талғар ауданына 8 миллион 382 мың теңге залал келтірген.

Мемлекеттік қызметкерлер тергеу барысында өз кіналарын толықтай мойындағанымен, айыптау қорытындысымен таныстырғаннан кейін барлығы бірдей қылмыс жасағандарын мойындаудан бас тартты. Айып тағылған алты адамның ішінде тек риелтор Нұрайым Алданыш қана қылмыс жасамағанын басынан айтқан еді. Ол тергеу изоляторында қамауда отыр. Оның қорғаушысы үйқамаққа алу туралы өтініш бергенімен судья қанағаттандырмады.

Азамат Байкенов, сотталушы Нұрайым Алданыштың қорғаушысы:

Барлық тараптарға бірдей мүмкіндік берілуі тиіс. Барлық сотқа қатысушылардың жағдайы бірдей болу керек. Біз дәлелдер келтірептін боламыз. Мұнда бір адамның құқығы бұзулуда. Бүгін менің қорғауымдағы азаматшаны босатады деп үміттеніп едім. Оның да өзге қатысушылар сияқты айыптау қортындысымен танысуға мүмкіндігі болатын еді.

Ал, адвокат Нұрайым Алданышты үйқамаққа ауыстыруға мүдделі. Талғар адандық әкімдігінің экс-қызметкерлері мемлекетке келтірген шығынның біраз бөлігін өтеп те үлгеріпті. Айта кетейік атышулы іс сотқа желтоқсан айында берілген болатын. Алайда риелтор мен оның қорғаушысының іспен танысып үлгермеуіне байланысты істі қарау екі рет кейінге шегерілген болатын. Естеріңізге сала кетсек, Бек эйр әуе компаниясының ұшағы 2019 жылы апатқа ұшырап 12 адам қаза тапқан болатын. Ұшақ әуеге көтеріле алмай екі қабатты үйге соғылған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: