Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептерде ІІІ-тоқсандағы сабақ нешесінен басталады

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 23:56 inform.kz
10 және 11 қаңтарда дауыс беру жүргізілген мектептерде зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанда 10 және 11 қаңтарда сайлау болған мектептер дезинфекцияланады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауында білім беру объектілері сайлау учаскелері ретінде пайдаланылады. Сайлау кезеңінде республикамыздағы 7 090 мектептің 5 522 мектебі сайлау учаскесі үшін пайдаланылды; мектепке дейінгі 6 651 ұйымның 143-і; 644 орта білім беру ұйымдарының 215-і; 125 жоғары оқу орынның 53-і , 22 мектеп-интернат пен спорт мектептері, 114 жоғары оқу орындары жатақханалары, сонымен қатар өзге білім беру ұйымдарында орналасқан 12 үйірме нысандары (мектеп оқушыларына арналған сарай, шығармашылық үйі, музыкалық мектептер), - деді Байтанаев.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы No 69 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыруда және өткізуде COVID-19-дың таралуының алдын алу шаралары туралы" қаулысына сәйкес, білім беру мекемелерінде сайлау аяқталғаннан кейін 2021 жылдың 10 және 11 қаңтарында залалсыздандыру шаралары ұйымдастырылады.

Осыған байланысты, 10 қаңтарда дезинфекциялық шаралар өткізілгеннен кейін, еліміздің 6 облысында 11 қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында 2020-2021 оқу жылының ІІІ-тоқсанына белгіленген оффлайн режимінде оқу процесі басталады. Республикамыздың 11 облысында - Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, БҚО, Алматы, ШҚО, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мектептегі сабақ 2021 жылдың 12 қаңтарында басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: