Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда қосымша карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2021 23:22 Сурет: zakon.kz
Қала қазір "сары аймақта" екендігіне қарамастан, ауру санының өсімі байқалады.

Қаңтардың бірінші онкүндігі кезеңінде елорда "сары" және "қызыл" аймақтардың шекара сызығына барып жетті. Жаңа жылдық демалыстан кейінгі инкубациялық кезең аяқталатынын ескерсек, коронавируспен ауыратындар саны артып келеді. Демек, денсаулық сақтау стандарттарын барлығы бірдей дұрыс сақтамаған. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала қазір "сары аймақта" екендігіне қарамастан, ауру санының өсімі байқалады. Бұл, бір жағынан, тексеруден өткендер санының 2 есеге жуық өсуіне, екінші жағынан, қала тұрғындарының жаңа жылдық мерекелерде шектеу шараларын сақтамауына байланысты.Сонымен қатар, біз дәрігерге өз бетімен келушілердің үлесі артып келе жатқанын атап өткіміз келеді, бұл халықтың жоғары жауапкершілігін және коронавирустың салдары қаупін дұрыс бағалауды көрсетеді. Өз-өзін емдеумен айналысуға болмайды. Өзіңізді, отбасыңызды және айналаңыздағы адамдарды қауіптен қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтауыңыз керек, бетперде тағу керек, - деді елордалық бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова.

Сонымен қатар ол коронавирус инфекциясы жағдайларының өсімі осылай ары қарай жалғаса беретін болса, онда қосымша карантиндік шектеу шаралары қолданылатынын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2021 23:22

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: