Жаңалықтар тізбегі
0

Ақпан айынан бастап Қапшағай-Талдықорған тас жолы ақылы болады

livejournal.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2021 21:31 livejournal.com
2021 жылы наурызда Қазақстанда жаңа ақылы автомобиль жолдарының саны тоғызға жетеді.

Жыл соңына дейін 18 республикалық тас жол ақылы режимге өтеді, деп хабарлайды zakon.kz inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ИИДМ республикалық автомобиль жолдарында ақылы режимді енгізу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқандығы туралы хабарлады. 2021 жылы ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа ақылы жолдардың жалпы ұзындығы 5800 шақырымды құрауы керек.

Жүйенің сынақ режимінде бес тас жол жұмыс істеді:
Шымкент - Өзбекстан шекарасы (Ташкентке дейін);
Орал - Ресей шекарасы (Саратовқа дейін);
Орал - Ресей шекарасы (Самараға дейін);
Ақтөбе - Ресей шекарасы (Орынборға дейін);
Щучье - Петропавл.

Бұл жолдар наурыздан бастап ақылы болады. Ақпан айында ақы алу жүйесі тағы төрт учаскеде, оның ішінде Қапшағай-Талдықорған тас жолында сынала бастайды. Басқалары: Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Тараз және Тараз - Қайнар.

2021 жылы наурызда Қазақстанда жаңа ақылы автомобиль жолдарының саны тоғызға жетеді. Ақпан айында тағы тоғыз республикалық магистраль сынақ режимінде жұмыс істей бастайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: