Талдықорған мен Өскемен арасындағы жол учаскесі ақылы болады

Платные участки дорог, платная дорога, платные дороги, плата за проезд, стоимость проезда, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 11:21 Фото: Zakon.kz
Көлік министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 23 маусымдағы бұйрығымен республикалық маңызы бар Талдықорған – Өскемен автомобиль жолы учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанды, Аягөзді айналып өтетін және Мұқыры асуына кіреберісі бар) республикалық маңызы бар I-б және II техникалық санаттағы автомобиль жолының Талдықорған – Өскемен учаскесі ақылы болады.

Балама бағыт ретінде облыстық маңызы бар Талдықорған – Үштөбе – Молалы – Лепсі – Ақтоғай – Таңсық – Аягөз – Қарауыл – Семей және республикалық маңызы бар Семей – Өскемен жолдары ұсынылады.

Ақылы жолдың басталу нүктесі – 287-шақырым, аяқталу нүктесі – 1073-шақырым. Ақылы учаскенің жалпы ұзындығы 772,955 шақырымды құрайды.

Жолдың қозғалыс жолағы екі бағытта 1 және 2 жолақтан тұрады.

Жолдың толық бағыты бойынша жүру ақысы төмендегідей белгіленді:

  • жеңіл автокөліктер – кейін төлеу кезінде 118 теңге (0,0272 АЕК), алдын ала төлеу кезінде 101 теңге (0,0235 АЕК);
  • 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – кейін төлеу кезінде 5920 теңге (1,3688 АЕК), алдын ала төлеу кезінде 5035 теңге (1,1643 АЕК);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – кейін төлеу кезінде 2,7562 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 2,3473 АЕК;
  • 32 орыннан асатын автобустар және 10 тоннаға дейінгі автопоездар – кейін төлеу кезінде 4,1241 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 3,5099 АЕК;
  • 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – кейін төлеу кезінде 5,5142 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 4,6853 АЕК;
  • 15 тоннадан асатын жүк көліктері, оның ішінде тіркемелі көліктер мен ершікті тартқыштар – кейін төлеу кезінде 6,8812 АЕК, алдын ала төлеу кезінде 5,8479 АЕК.

Сондай-ақ жеңіл автокөліктерден басқа көлік түрлері үшін жүк көтергіштігіне қарай ай сайынғы абоненттік төлем (2-ден 10 АЕК-ке дейін) және жылдық абонемент қарастырылған.

Жылдық абонементтің құны:

  • жеңіл автокөліктер үшін – 1 АЕК;
  • жүк көліктері үшін – 20-дан 100 АЕК-ке дейін.

2026 жылы 1 АЕК – 4325 теңге.

Бұйрық 2026 жылғы 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: