Жаңалықтар тізбегі
0

Онлайн оқу жалғаса берсе – балалардың көзі әбден құриды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2021 20:57 видеодан кадр
Онлайн оқудың кесірі.

Көз дәрігерлері қашықтан білім беру ұзақ уақытқа жалғасатын болса, балалардың көру қабілеті төмендеп кетеді деген шешімге келген. Оқушылардың бір бөлігі мектепке қайта оралғанымен, дені әлі де экранның ар жағында қалып отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мектепке қуана қайтып оралған оқушылардың қатарында Жасмин Ибрагимова да бар. 9-сынып оқушысы онлайн оқу процесінің ақпаратты қабылдаудан бөлек, ағзаға кері әсері барын айтты.

Жасмин Ибрагимова, мектеп оқушысы:

Онлайн кезінде сабақ өткенде кейбір түсініспеушілік болуы мүмкін. Одан кейін оны сұрау қиын. Денсаулыққа да үлкен зардап келеді. Күнделікті телефонда, ноутбукта отырып көзімді, арқамды отырғыздым шынымды айтсам.

Балалардың соңғы 20 жылда көз дәрігеріне жиі жүгініп, оптика жағалауына қимыл-қозғалыстың аз болуы негізгі себеп болып тұр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56 пайызы спорт немесе би үйірмелеріне бармайды.

Эльмира Исекеева, көз дәрігері:

Онлайн оқу балалардың көзіне тиян келтіруде. Оны біз күнделікті қабылдауымызда көріп жүрміз. Алыстан көрудің нашарлығына әкеліп соқтырады. Яғни, спазм аккомодаций. Үнемі жақынға қарап отырғандықтан, алысқас қарайтын бұлшық ет өзінің жұмысын тоқтатады. Қатайып қалады. Ал қатайған бұлшық етті босаңсыту оңайға түспейді. Перефокусировка болады. Ол жалған алыстан көрмеушілікке әкеліп соқтырады яғни ложная близорукость.

Офтальмолог мамандардың дерегіне сәйкес, елдегі мектеп түлектерінің 33 пайызының көзінде ақауы бар. 15 жыл бұрын бұл стастистика едәуір төмен болған.

Жұлдыз Ысқақбаева, көз дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты:

Жалпы денсаулыққа қалай әсер ететінін білмеймін, бірақ қашықтықтан оқыту ұзақ уақытқа, бірнеше жылға созылып кетсе алыстан көрмейтін балалардың саны едәуір артады. Онлайн оқу көзге ерекше қысым түсіретінін әрі балалардың аз қозғалатынын ескерсек, алдағы 2-3 жылда мектеп бітірушілердің 40-45 пайызының көру қабілеті төмен болуы мүмкін.

Бұл проблема пандемияға дейін де актуалды еді. Республика бойынша қызыл аймаққа кірген өңірлердің саны артқанда, қалыпты білім процесіне көшу екіталай болып тұр.

Эльмира Исекеева, көз дәрігері:

Ата-аналарға айтар кеңесім, үйде баланы 4-5 сағат компьютерге, смартфонға үңілдіріп қоймай, арасында 40 минут сайын мектептегідей үзіліс жасатып, жаттығу жасатып, үзіліс жасап тұрғаныңыз абзал.

Мамандар балалардың жанары жасаурап, бұлыңғырланып, көру қабілеті нашарласа бірдей дәрігерге көрсетуге шақырады. Дер кезінде ем-дом қабылдамаса асқынып кетуі мүмкін екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: