Жаңалықтар тізбегі
0

КВИ-ге байланысты жұртты таңбалаушы қосымшаны жасаушы сұқбат берді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2021 18:34 Pixabay
Ол бұл қосымшаның коронавирус дағдарысы мен карантин режимі жойылғанда өз-өзінен өзектілігін жоғалтатынын айтты.

Өткен аптаның соңында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ashyq" қосымшасының пилоттық жобасы іске қосылатындығы туралы хабарлады. Қазақстандықтарға таңба белгілеп, сол бойынша кейін ел азаматтары әртүрлі мекемелерге кіруге рұқсат етілетін-етілмейтіндігі анықталады деп болжануда.

Бұл қосымша туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қосымшаның іске қосылуы қазақстандықтардың қозғалыс бостандығына қол сұғу болуы мүмкін екендігі атап өтілді. Мәртебені тағайындау процедурасының өзі көптеген сұрақтар тудырды.

Zakon.kz тілшісі мобильді қосымшаның IT-авторы Виталий Пустовойтенконы сөзге тартты.

Ол қолданбаның негізгі идеясын түсіндіріп, бұл шектеу шараларынан көп зардап шеккен бизнеске мүмкіндік беру екенін баса атап өтті.

Оның айтуынша, пилоттық жоба Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қолға алынады. Оны құру барысында шет елдердің, атап айтқанда Оңтүстік Кореяның тәжірибесі жіті зерттелген.

Пилоттық жоба жұмыс істей алмайтын немесе қатты шектеулерге ұшыраған бизнес ортада іске қосылады. Бұл олардың жұмыс жасауына және ғимаратты жалдау ақысын төлеуге мүмкіндік береді деп болжануда. Оған барлық тарап өз еркімен қатысуға келісті, көбінесе бұл бизнес өкілдері, оқшаулау ережелерін сақтамайтын коронавирус науқастардан өзін және өз тұтынушыларын қорғауды мақсат тұтқан бизнес, деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, жобаны пайдаланушылар мен кәсіпкерлермен үнемі кері байланыс болып тұрады, олардың ұсыныстары мен ескертулері ескеріліп, қосымша екі күн сайын өзгеріске ұшырауда.

Виталий Пустовойтенко қазақстандықтардың құқықтарын шектеу туралы пікірталасқа қатысты да пікір білдірді.

Қарапайым мысал: спорт костюміндегі адам түнгі клубқа кірмейді ғой, оған кіру үшін белгілі бір киім коды бар. Мұндағы жағдай да дәл сондай. КВИ бойынша диагнозы расталған адам қоғамдық орындарға бармауы керек. Ауруға шалдыққандардың өз жауапкершілігі бар, өкінішке орай, олар оны әрдайым орындай бермейді, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, ол ​​компания қазақстандықтардың жеке бас мәліметтеріне қол жеткізе алмайтындығын айтты.

Қосымша ұлттық оператордың серверлерінде орналасқан. Қазір ол әзір тұр, біз оны Денсаулық сақтау министрлігіне өткізіп беріп жатырмыз, - деді Пустовойтенко.

IT авторыдың айтуынша, қосымша коронавирус дағдарысы мен карантин режимі жойылғанда өз-өзінен өзектілігін жоғалтады.

Бүгін, 2 ақпанда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған қазақстандықтарға QR кодтар берілетіндігін мәлімдеді. Олар "Ashyq" медициналық қосымшасымен біріктірілетін болады. Азаматтар туралы мәліметтер медициналық ақпараттық жүйелерден жинақталатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: