Төңкеріс болып жатқанда көшеде жаттығу жасаған қыз желідегілерді таң қалдырды
Мьянма тұрғыны Хинг Хнин Вай ел астанасындағы автокөліктердің айналма жолында фитнестен жаттығу жасауды әрі оны тікелей эфирде жүргізуді әдетке айналдырған. Ар жағында әскери төңкеріс болып жатса да да қыз өзінің сүйікті ісін бұл жолы да тысқары қалдыра алмапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Батыл қыздың әрекеті түсірілген видеоны Саламанка университетінің саясаттанушысы Анхель Маррадес желіде жариялады. Видеодан қыздың әртүрлі дене жаттығуларын жасап жатқаны, ал осы сәтте оның арғы жағында нағыз мемлекеттік төкеріс болып, әскери көліктер сеңдей соғылып жүргені және әскери колонна да көрінеді. Осылайша, Мьянма әскери күштері елдің іс жүзіндегі көшбасшысын, басқарушы партияның жетекшісі Аун Сан Су Чжи мен Мьянма президенті Вин Минді орнынан алып тастады.
Una mujer hizo su clase de aerobic sin darse cuenta de que estaban dando el golpe de Estado en Myanmar. Y pues puede verse como el convoy de militares llega al parlamento. pic.twitter.com/fmFUzhawRe
— Àngel Marrades (@VonKoutli) February 1, 2021
Кейінірек белгілі болғандай, Вай сол күнгі елдегі оқиғалардан мақрұм болғандықтан да өзінің әдеттегі ісімен жайбарақат айналыса берген екен.