Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жаңа орынбасар келді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 15:31 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Бақытжан Ниязов 1972 жылы туған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары болып Бақытжан Ниязов тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары лауазымына Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы тағайындалды.

Ниязов Бақытжан елордалық департаментке тағайындалуға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

Ол 1972 жылы туған. 1994 жылы Қызылорда педагогика институтын, 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Кіші және орта басқарушы буындарының барлық деңгейінен өтіп, қаржы полициясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарған.

"Үздік қызметі үшін" "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін", І, ІІ, ІІІ-дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" ведомстволық наградалармен марапатталған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: