Ресей ЕАЭО шеңберіндегі бірыңғай цифрлық платформаның мақсатын атады
total.kz
Оған бірыңғай еңбек нарығын құру, экспортты ұлғайту және өндіріс тізбегін дамыту кіреді.
РФ премьер-министрі Михаил Мишустин ЕАЭО елдерімен бірлескен электрондық қызметтер құру идеясын неге белсенді түрде алға жылжытылып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Мишустин ЕАЭО елдері одақ аясындағы цифрландыруға қосылуда онша құлық танытпауда деп санайды.
Өткен жылы Одақ елдері бірлесе жұмылуға ұмтылатындықтарын көрсетті. Бұған пандемиямен күресудің тиімді бірлескен шаралары, сондай-ақ ЕАЭО-ны 2025 жылға дейін дамытудың жалпы стратегиялық бағыттарының қабылдануы түркі болды. Сонымен қатар, стратегияны іске асырудағы және интеграцияны тереңдетудегі жетістіктер бірлескен цифрлық мәселелерді күн тәртібіне алға жылжытумен және электрондық қызметтерді енгізумен тікелей байланысты болады. Оған бірыңғай еңбек нарығын құру, экспортты ұлғайту және өндіріс тізбегін дамыту кіреді. Әділ және ашық өзара сауда-саттыққа жағдай жасау, транзиттік әлеуетті арттыра отырып, инфрақұрылымдық шектеулерді белсенді түрде алып тастау, әрине, Еуропалық Одақпен диалог жүргізу, сондай-ақ еуразиялық және Қытай бастамасындағы "Бір белдеу - бір Жол" интеграциясын қолдау қажет. Мұның бәрін тек жалпы цифрлық платформа негізінде жүзеге асыруға мүмкін болады. Ал іс жүзінде біз, ашығын айтқанда, "бестік" кеңістігіндегі әріптестеріміздің цифрландыруға өте сақтықпен қарап, әрекет етіп отырғанын көріп отырмыз, - деді Мишустин.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript