Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2021 18:02 pixabay.com
Қазақстанда жаңбыр мен қар күтуліде.

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 06-08 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады.

Жауын - шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында – жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады.

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді.

Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: