Титулдық жекпе-жекке мас күйінде шыққан спортшы өз шындығын жайып салды
видеодан алынды
Коста өзінің спортшыға сай келе бермейтін мінез-құлқы барын мойындады.
Бразилиялық UFC жекпе-жек шебері Пауло Коста 2020 жылдың қыркүйегінде өткен титулдық жекпе-жекте неге жеңіліп қалғанын, шынында ол арада не болғанын айтты.
Коста өзінің спортшыға сай келе бермейтін мінез-құлқы барын мойындады. Ол жекпе-жекке бір күн бұрын бір бөтелке шарап ішіп, шаршы алаңға аздап мас күйінде шыққан.
Жекпе-жек таңғы сағат 9-ға жоспарланған болатын, бірақ біз аренаға шығу үшін дайындалып, денемізді қыздыру үшін 5-те тұруымыз керек. Екі жарымға дейін ұйықтай алмадым, өйткені аяғым ауырды. Содан соң шарап іштім. Көп стақан. Ұйықтайын деп бір бөтелкесін қотардым. Алдымен бір стакан ішіп, аяғымның ауырғанын басайын деп ойлағанмын, бірақ ол нәтиже бермеді. Содан кейін екіншісін, оның да ешқандай әсері жоқ. Солай-солай кете берді, ақыры бір бөтелкенің бәрін іштім. Бұл менің шешімім еді, өйткені тура бір тәулік ұйықтамағанмын, маған міндетті түрде тынығу керек болды, - дейді өз өкінішін жайып салған споршы.
Айтқандай, 2020 жылдың қыркүйек айында титулдық жекпе-жекте Израиль Адесаниядан ұтылуы Костаның карьерасындағы алғашқы жеңіліс еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript