Оқушылардың көктемгі демалысы 12 күнге созылады - ҚР БҒМ

yandex.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2021 15:55 yandex.kz
IV тоқсан 1 сәуірде басталады.

Оқушылардың көктемгі демалысқа шығуына екі аптадан аз уақыт қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"ҚазАқпарат" агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, оқушылардың осы жолғы демалысы 12 күнге созылады, яғни 20 мен 31 наурыз аралығында.

Құзырлы ведомствадағылар ІІІ- тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін 8-14 ақпан аралығында қосымша демалыс күндері енгізілгенін атап өтті.

IV тоқсан 1 сәуірде басталады.

Оқу жылының III-тоқсанынан бастап мектеп бітіру сыныптары (9, 11-сыныптар) барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшірілді (пәндердің 70% -ы дәстүрлі форматта, пәндердің 30% -ы онлайн режимінде). 10-сыныптар қашықтықтан оқиды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: