Қазақстандық оқушылардың қысқы демалысы неше күнге созылады

Новый год, новогодний праздник, празднование, празднования, новогодние каникулы, зимние каникулы, новогодние выходные, новогодние праздники, новогодние украшения, новогоднее оформление города, новогодние декорации, новогодние инсталляции , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2024 09:44 Фото: пресс-служба акимата Алматы
ҚР Білім министрлігі бүгін, 2024 жылғы 10 желтоқсанда мектеп оқушыларының қысқы каникулда қанша күн демалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды.

Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:

• "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында "Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз" мектепішілік іс-шарасы;

• театр фестивальдері мен қойылымдары;

• жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;

• қауіпсіздік сабақтары;

• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;

• спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;

• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.

Ең бастысы — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.

Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: