Жаңалықтар тізбегі
0

Мектептер бейнебақылаумен 100 пайыз қамтылды – Асхат Аймағамбетов

zanmedia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2021 17:02 zanmedia.kz
Жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілді.

Мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды, 100 пайыз көштік. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілді, - деді министр.

Оның айтуынша, орта білім беру жүйесінің негізгі проблемаларының бірі - ол қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы.

Осы мәселені шешу жолдарын пысықтадық. Соның ішінде "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттің мектеп кітапхана қорында айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды биыл шешу керек. Сонымен қатар, кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесі де өте маңызды. Бұл бойынша тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді. Сондықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз, - деді А. Аймағамбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: