Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда тұңғыш рет садақ атудан республикалық ашық турнир өтті

УВП МО Отдел СМИ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2021 07:00 УВП МО Отдел СМИ
Ашық алаңда өткен дүбірлі додаға еліміздің 14 облысынан 50-ге жуық садақшы келді.

Садақ – қазақтың қасиетті қаруы. Жаугершілік заманда құралайды көзге атқан садақшылар ел қорғаны болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"MANGYSTAU NAURYZ FEST-2021" жастар фестивалі аясында өңірде алғаш рет садақ ату федерациясымен бірлескен дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер мен ересектер арасында республикалық ашық турнир өтті.

Ашық алаңда өткен дүбірлі додаға еліміздің 14 облысынан 50-ге жуық садақшы келді.
Жастарды дәлдікке, ептілікке, мергендікке баулитын атадан мирас болып жеткен ұлттық спортты серік еткен мергеншілер өзара бақ сынады.
Жарыстың бірінші кезеңінде жасөспірімдер мен қыздар 6 оқтан бес айналымда 50 метр қашықтықта, ал, ерлер 2 айналымды 70 метр қашықтықта нысананы дәлдеді.
Олардың ішіндегі мықтылары финалға жолдама алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2021 07:00

Жастардың бұл бастамасы өте құптарлық. Алдағы уақытта республикалық деңгейде шаралар көптеп ұйымдастырылып, жас мергеншілер өзара тәжірибе алмасса деймін. Жас буынды отансүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу маңызды. Біз қазіргі таңда дәстүрлі садақ атудың беделі мен рейтингін көтеруді және оны әлемдік деңгейдегі негізгі спорт түріне айналдыруды көздеп отырмыз, - дейді садақ ату спортының халықаралық төрешісі Мұхтархан Абаған.
Бүгінде Маңғыстау облысының бірнеше садақ ату үйірмелерінде 100-ге жуық садақшы жаттығады.

Ұлттық ойынды жандандыру арқылы қазақы дәстүрді дәріптеп, дамытуды мұрат тұтқан мергендер жарысының нәтижесінде жасөспірімдер арасында:

  1. орын: Манақбай Бекарыс, (Алматы облысы);
  2. орын: Жолдасбек Саийдрохман, (Жаңаөзен қаласы);
  3. орын: Жолдасбай Асхат (Жаңаөзен қаласы)

Ерлер арасында:

  1. орын: Сесигюзел Али (Атырау облысы);
  2. орын: Ахмедов Диас (Нұр-Сұлтан қаласы);
  3. орын: Балтабек Ахмади (Нұр-Сұлтан қаласы)

Қыздар:

  1. орын: Тлепберген Айым (Нұр-Сұлтан қаласы);
  2. орын: Аппазова Аяулым (Нұр-Сұлтан қаласы);
  3. орын: Асқарбаева Асылым (Жаңаөзен қаласы) иеленді.

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2021 07:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: