Өзбекстанда қуаңшылықтан мал қырылып жатыр
ozodlik.org
Далада шөп жоқ. Мал аштықтан ұсақ тас жеп жатыр.
Бұхара облысы Пешкун ауданындағы ауылдарда қуаңшылықтан мал қырылып жатыр, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Жергілікті шопандар малға беретін жем жоқ дейді.
Біздің аймақ жазық. Малды негізінен өрісте қоректендіреміз. Бірақ далада шөп жоқ. Мал аштықтан ұсақ тас жеп жатыр. Осыдан олар өліп жатыр. Мен бір айда 12 қой жоғалттым. Көрші ауылда да осындай жағдай, - дейді шопанның бірі.
Пешкун ауданының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Завхиддин Курбанов шаруа қожалықтары қысқа дейін малға жем жинамады дейді.
Бұхара облысындағы Пешкун ауданы негізінде мал шаруашылығымен айналысады. Завхиддин Курбановтың сөзінше, қазір ауданда 100 мың ірі қара мал, 220 мыңнан астам қой мен қозы бар.
Фермер Нормурад Рузикулов қуаңшылықтан малдың қырылуы ет бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін дейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript