Жаңалықтар тізбегі
0

415 вольт: Павлодар тұрғындарының тұрмыстық техникалары күйіп кетті

samelectrik.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2021 21:43 samelectrik.ru
Әзірге зардап шеккендердің нақты саны белгісіз.

Павлодар облысында тұрғын үйлердегі тұрмыстық техникалар жаппай жанып кеткен. Осылайша тұрғындар бір-ақ күнде бірнеше миллион шығынға батты. Тоңазытқыштағы тамақтары бұзылып, кейбірінде тіпті үйдің іші қақап кеткен. Электр желісінің жұмысы неден бұзылды? Зардап шеккендерге өтемақы төлене ме?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Павлодар ауылының тұрғыны Тілектес Ғалиеваның үйіндегі тұрмыстық техникалар түгелдей жанып кетті. Түнде боран соққан соң, ауылда біраз уақытқа жарық сөніп қалған екен. Электр қайта қосылған сәтте көп мөлшердегі тоқтың әсерінен тоңазытқыштан бастап, кір жуатын техникаға дейін күйіп кеткен. Енді жарты миллион көлемінде шығынға батып отыр.

Тілектес Ғалиева, Павлодар ауылының тұрғыны:

Электр желілерінен ақау шықты ғой деймін. Себебі, үйдегі тұрмыстық техникалардың барлығы күйіп кетті. Электр желілері қалыпқа келтірілген соң телефонымды қуаттайын деп қосып едім, тоқтың тұйықталуын байқадым. Бірден электрик шақырдық. Үйдегі электр қуаты 415 вольтты көрсетіп тұрды.

Ауылдағы үш көшенің тұрғындары түгелдей осындай келеңсіз жағдайға тап болып отыр екен. Зардап шеккендер жауаптылар анықталып, шығындары өтелсе дейді.

Екатерина Байжуманова, "ПавлодарЭнерго" АҚ баспасөз хатшысы:

Бұл біздің баланстағы желі емес. Әкімдіктің қарамағында болуы керек. Өтініш берушілер шығындарын өтеу немесе тұрмыстық техниканы жөндеу үшін әкімдікке жүгінулері керек.

Ауыл әкімдігі мән-жайдан хабардармыз дейді. Тек, электр желілері ауданға тиесілі болғандықтан, тұрғындардың арызынан соң ғана мәселені шешу жолы қарастырылады.

Сырым Рушанов, Павлодар ауылының әкімі:

Электр қуатының жүктемесі 400-ге дейін көбейді. Сол себепті ауылдың тұрғындарының электр құрылғылары жанып кеткен. желілер Павлодар аудандық электр желілерінің қарамағында. Ауыл әкімдігінің балансында емес. Бірақ, орын алып отырған жағдайға электр сымдарының ешқандай қатысы жоқ. Барлық гәп Кешенді трансформаторлы станциядағы массаның жанып кетуінен болған. Яғни, нөлдік реттегіш істен шыққанда электр желілерінің қуаттылығы арта түседі. Тұрғындар бігіріп, арыз жазып, шығынды есептеулері керек. Орталықтағы мамандар мәселені шешу жолдарын қарастырады.

Әзірге зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Келген шығын көлемі де анықталып жатыр. Белгілісі, мұндай жағдай осыған дейін бірнеше рет қайталанған екен. Соңғысы да емес сыңайлы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: