Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда ҚТЖ қызметкері алаяқтық үшін 4 жылға сотталды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2021 18:10 Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Істің мән-жайына, анықтығына көз жеткізбей тұрып, "уәде берушілерге" сенуге болмайды.

Көлік полицейлері "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС филиалының "Жамбыл локомотив пайдалану депосының" бұрынғы бастығына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен, яғни бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Ол алдау жолымен сенімге кіріп, 7 азаматтың ақша қаражатын иемденген, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің 2018-2020 жылдар аралығында азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, электровоз машинисінің көмекшісі ретінде жұмысқа орналастыруға уәде беріп, өз делдалының көмегімен әрқайсысынан 800 мыңнан теңгеден 1 200 000 теңгеге дейінгі мөлшерде ақша иемденгені анықталды.

Алынған қаражаттың жалпы көлемі 8 млн теңгеге жуық.

Тараз қаласының №2 сотының шешімімен ұсталған азамат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды. Сондай-ақ, аталған қылмыстың делдалы болған электровоз машинисінің бұрынғы көмекшісі де 4 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланды.

Алаяқтық бұл – сенімді теріс пайдалану арқылы алдап, бөтен мүлiкке құқықты иемдену немесе бөтеннің мүлкін жымқыру болып табылады.

Көлік полицейлері істің мән-жайына, анықтығына көз жеткізбей тұрып, "уәде берушілерге" сенуге болмайтындығын ескертеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: