Бір тапсырыс үшін 4,5 млн теңге алып, ізім-ғайым жоғалған: Астанада әлеуметтік желідегі алаяқтар сотталды

Социальные сети, инстаграм, instagram, социальная сеть, приложение, приложения, телефон, мобильный интернет, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 11:26 Фото: unsplash
Астанада Instagram желісі арқылы жиһаз сатып алушыларды алдаған алаяқтарға үкім шықты. Істің мән-жайын елорда прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушілердің бірі Instagram желісінен жиһаз жасау туралы жарнаманы көріп, тапсырыс берушілермен келісімшарт жасасқан. Жиһаздың өлшемдері алынғаннан кейін ол 4,5 млн теңге аударған.

Алайда ақшаны алған екі күдікті кейін байланысқа шықпай қойған.

"Олардың әрекетінен барлығы 19 адам зардап шекті. Келтірілген залал көлемі 24,6 млн теңгеден асты", – делінген Астана прокуратурасының 2026 жылғы 7 қыркүйектегі хабарламасында.

Мемлекеттік айыптаушы сотта екі сотталушының да кінәсін дәлелдейтін барлық айғақты ұсынды.

"Сот үкімімен олардың әрқайсысы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оларға 10 жыл бойы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды", – деп хабарлады елорда прокуратурасы.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық көлемде қанағаттандырылып, келтірілген шығын сотталушылардан өндірілетін болды.

Прокуратура қазақстандықтарды жазбаша келісімшарт жасамай, ақшаны қолма-қол немесе жеке банк картасына аудармауға шақырды.

"Төлем жасалғанын растайтын чек пен құжаттарды талап ету қажет. Келісімшартта жиһаздың өлшемдері, материалдары, бағасы, дайындау және орнату мерзімі, сондай-ақ жұмысты кешіктіргені үшін жауапкершілік көрсетілуге тиіс", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі Алматыда Alemcredit.com интернет-ресурсы арқылы криптовалютамен микронесие беру желеуімен жасалған ірі алаяқтық схема әшкереленгенін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: