Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ одақтастарымен Бейжің Олимпиадасына бойкот жариялауы мүмкін

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2021 22:04 Reuters
Канаданың төменгі палатасы Бейжіңнің мұндай саясатын "геноцид" деп таныған.

АҚШ одақтастарымен 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялау мәселесін талқылауға ниеттеніп жатыр. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы Мемлекеттік департтаменттің баспасөз өкілі Нед Прайсқа сілтеме жасап хабарлады, деп жазды centralasian.org.

Прайстің сөзінше, азаматтық негізде бойкот жариялау бір ғана Вашингтонның емес, оның саяси одақтастарының да қызығушылығын көздейді. Прайс соңғы мезгілде Қытай билігіне қарата адам құқығын бұзу айыптары айтылып келгендіктен, Олимп ойындарына қандай мәлімдеме жасалуы керек деген мәселе талқыланып келе жатқанын білдірді.

Прайс әзірге қандай да бір мерзім туралы сөз жоқ екенін айтып, аталған спорт жарысының өтуіне әлі уақыт бар екенін жеткізді.

Өз кезегінде Қытайдың сыртқы істер министрлігінің (СІМ) ресми өкілі Чжао Лицзянь Олимп ойындарын саясиландырудан аулақ болуды ескертті.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бұл спорт жарыстарына бойкот жариялауға қарсы екенін жеткізді.

Осыған дейін Еуропа одағы ұйғыр секілді мұсылман азшылықтардың құқықтарын бұзғаны үшін соңғы 30 жылда бірінші рет Қытайға санкция салған.

Канаданың төменгі палатасы Бейжіңнің мұндай саясатын "геноцид" деп таныған.

Еуропада құқық қорғаушылар мен қоғамдық ұйымдар Қытайдың Шыңжаң аймағындағы адам құқығы бұзылған жағдайларға көп көңіл бұрып жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: