Жаңалықтар тізбегі
0

4 облыста Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталықтары құрылады

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2021 17:23 Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы
Жергілікті халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігі болады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға жәрдемдесу және шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуын жандандыру мақсатында төрт өңірде (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары) пилоттық Сommunity орталықтары құрылатын болады, деп хабарлайды zakon.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтардың қызметі жергілікті қоғамдастықты дамыту моделін құруға бағытталады. Олардың базасында жергілікті жерлердегі сарапшылар (оффлайн және онлайн) жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨБ) бойынша консультациялар береді. Яғни, жергілікті халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігі болады: жиналыстарды, жергілікті қоғамдастық жиындарын ұйымдастыру, жергілікті қоғамдастық мүшелігіне кіру, ЖӨБ бойынша НҚА түсіндіру және басқа да мәселелер.

Орталықтар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру" гранттық жобасы шеңберінде "Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы" ЗТБ күшімен іске қосылады.

Айта кету керек, бұл жоба Қазақстанның 8 облысында (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары) жүзеге асырылады. Жоба барысында ұйымдастырушылар жергілікті маңызды мәселелерді шешу үшін жалпы құны 8 млн теңгені құрайтын (әр өңірге 1 млн теңге) шағын гранттар конкурсын өткізеді.

Сондай-ақ, жобаны іске асыру шеңберінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған 8 өңірде (қала-ауыл) бір күндік 16 оқыту семинары ұйымдастырылады. Бұл семинарлар тұрғындар үшін қаржылық сауаттылық және азаматтардың жергілікті бюджеттерді басқару процесіне қатысу мүмкіндігі бойынша тақырыптық қолданбалы курстар циклі мен әлеуметтік жобалау және бастамашылық бюджеттеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін оқыту курстарын өткізу жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: