Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр

Аталған іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайту үшін Нұр-Сұлтан қаласында алдын алу шаралары ретінде жүргізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы "Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ "Столичная дезинфекция" ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оның барысында 100-ге жуық үй тегін дезинсекциялық өңдеуден өтеді.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының қатысуымен және энтомолог мамандарды тартумен күнделікті негізде уақытша және тұрақты су айдындарында бақылау және мониторинг жүргізіледі. Аталған іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайту үшін Нұр-Сұлтан қаласында алдын алу шаралары ретінде жүргізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript