Жаңалықтар тізбегі
0

"Ел арна" телеарнасына директор тағайындалды

"Хабар" Агенттігі" АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2021 22:58 "Хабар" Агенттігі" АҚ
Камила Камназарова 2004 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ-да өзінің еңбек жолын "Caspionet" арнасының редакторы ретінде бастады

Камила Камназарова "Ел арна" телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар" Агенттігіне сілтеме жасап.

Камила Камназарова 2004 жылы "Хабар" Агенттігі" АҚ-да өзінің еңбек жолын "Caspionet" арнасының редакторы ретінде бастады. Редактор ретінде ол телевизиялық журналдар шығарумен айналысты. Арна редакторының жұмысымен қатар, К.А.Қамназарова "7 күн", "Аймақтар және күш/регионы и власть" бағдарламаларында тілші және "Тағдыр желісі/Линия судьбы" бағдарламасының сценарий авторы болып жұмыс істеді. 2010 жылы ол "Caspionet" арнасының продюсері қызметіне тағайындалды. Продюсер ретінде теледидар бағдарламаларын жасаумен айналысты, сонымен қатар "Persona Grata", "Travel Guide", "Faces of History" және тағы да басқа авторлық жобаларын жасады. Сондай-ақ, 2010 жылы ол Астанада өткен ОБСЕ (ЕҚЫҰ) саммиты кезінде "Summit TV"-да "Caspionet" арнасын қайта форматтауға белсенді қатысты.

2012 жылы арна үшін Астанаға көшу және ребрендингпен байланысты маңызды кезеңде Камила Камназарова жаңа медиа орталықта канал жұмысын бейімдеуге қатысты. 2014 жылы "Kazakh TV" телеарнасының бас редакторы болып тағайындалды. Бұл қызметте ол теледидарлық контентті аутсорсингтерге ауыстыру процестерімен айналысты. Отандық телеарналардың ішінде "Kazakh TV" телеарнасы алғашқылардың бірі болып өзінің жеке контентін осындай модельде өндіруге толығымен көшті.

2017 жылдың сәуір айында К.Камназарова "Ел арна" арнасының бас редакторы қызметіне ауысып, жаңа арнаның ашылуына белсене ат салысты және қазіргі уақытқа дейін арнаның мазмұны мен редакциялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырумен айналысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: