Сенат төрағасы коронавирус жұқтырып алды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2021 16:41 24.kz
Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ - Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырып алыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Сенат төрағасының өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын. Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар" делінген жазбада.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: