Вакцина алғандардың 0,02 пайызы ғана ауруға шалдықты – Цой

kaztag.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2021 23:58 kaztag.kz
Вакцина егуге 11 мың медицина қызметкері жұмылдырылуда.

Қазақстанда қазірге дейін 420 мыңнан астам адам екпенің 2-ші компонентін алды, деді бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі кезде қазақстандықтарды вакцинациялауға 2,3 млн доза ұсынылды. Вакциналау қарқыны күшейтілуде. Сәуірде тәуліктік екпе салу қарқыны 12 есеге өсіп, 11 мың адамнан 135 мың адамға дейін жеткізілді.. Азаматтардың таңдауына ерік берілді. Олар қазақстандық, ресейлік және "Hayat Vac" вакциналарын таңдай алады, деді министр.

Елдің барлық медициналық пункттері мұздатқыштар сатып алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Логистикалық жүйе орнатылды.

Мобильді бригадалар оқытылып, қазір 11 мың медицина қызметкері вакцина егу жұмысын жүргізуде. Ел бойынша 1400 пункт жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 400-ге жуығы көшпелі пункт. Жалпы вакциналау белсенді жүріп жатыр, 1,5 млн вакцина алғандардың ішінде 0,02 пайызы ғана ауруға шалдықты. Бұл вакцинаның тиімділігін білдіреді, - деді ол.

Вакциналау ақпанда басталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: