Жаңалықтар тізбегі
0

Халық билік пен КНБ-дан қорқады. Қазақ жастары Дудьке ағынан жарылды

вДудь, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2021 23:09 вДудь
Топ мүшелері сұхбатты Шарын шатқалы, Көлсай мен Алматыда берген.

Қазақстанның Youtube сегментіндегі аса танымал "Ирина Кайратовна" тобы Ресей журналисі Юрий Дудьке сұхбат берді. Топ мүшелері сұхбатта өз шығармашылығы, 19 миллион қаралым жинаған "5000" клипі мен оған арқау болған оқиғаларға тоқталды, дейді malim.kz.

Ресей журналисі Юрий Дудь "Ирина Кайратовнадан" сұхбат алу үшін өз командасымен бірге Алматыға арнайы ұшып келген. Топ мүшелері сұхбатты Шарын шатқалы, Көлсай мен Алматыда берген.

Дудь сұхбатта 19 миллионнан астам қаралым жинаған "5000" клипіне тоқталды. "5000" клипінде "Ирина Кайратовна" коронавирус індеті өршіп тұрғана 6 шілде күні астанада атылған отшашу, миллиардтар салынса да құрылысы аяқталмаған астанадағы LRT, оппозициялық саясаткерлерді өлтіру, жемқорлық тәрізді биліктің шымбайына тиетін дүниелерге тоқталады.

"5000" клипі Қазақстан үшін өте батыл мәлімдемелерге толы клип. Қазақстандағы осындай батыл мәлімдемелерді ашық айтатындар бар ма?" деген Дудьдің сұрағына топтың клиптерінің режиссері Қуаныш Бейсеков: "Мүмкін, саясатта жүрген адамдар айтатын шығар. Бірақ entertainment саласында жүргендерден ешкім ашық айта алмайды. Қазақстанда адамдар Құдайдан емес, адамдардан қорқады. Асылы керісінше, адам адамдардан емес, Құдайдан қорқу керек. Мені сол адамдардың алдындағы қорқыныш тоқтатқан жоқ", - деп жауап береді.

Дудьдің "қандай адамдар?" деген сұрағына Қуаныш Бейсеков: "билік, президент, премьер-министр, ҰҚК қызметкерлері" деп жауап берді.

Дудь клиптегі оппозициялық саясаткер өлімі мен астана күнінде атылған отшашуды да айналып өтпеді.

2020 жылы коронавирус өршіп, адамдар қаза тауып жатқанда емге ақша жетпеді, ауруханада орын тапшылығы байқалды. Сол кезде отшашу атылғаны халықты, оның ішінде мені ашуландырды, - деді топ мүшесі.

Сонымен қатар Дудь клипте үш рет оқ атылған адам жайлы сұрайды. Топ мүшесі бұл биліктің ресми мәлімдемесі бойынша, өзін-өзі үш рет атқан Заманбек Нұрқаділов екенін айтты. Дудь бұл өзіне-өзі қол жұмсауға ұқсамайтынын айтты. Онымен келіскен топ мүшесі осы қазадан кейін билікті сынағандардың бәрі тұншықтырылғанын жеткізді.

"Ирина Кайратовна" тобы сұхбатта Youtube-тегі "Шоу Ирина Кайратовна" арнасын сатып жібергеніне де тоқталды. Дудь режиссер Қуаныш Бейсековтен оның себебін сұрады. Бейсековтің айтуынша, топ бастапқыда Salem Social Media компаниясымен келісімшартқа отырған, келіімшарттың талабы бойынша "Ирина Кайратовна" каналға контент беруі тиіс болған, алайда бұл саясатқа жоқ контент болсын деген талап қойылған.

Келісімшарт бойынша, біз каналды Salem Social Media-ға өткізіп беріп, контент беріп тұруға міндеттелдік. Компания бұл саясатқа қатысы жоқ контент болсын деген талап қойды. Сол талапты орындай алмай қалдық. Сөйтіп, канал оларда қалып қойды, - деді Қуаныш Бейсеков.

"Каналды нешеге саттың?" деген сұраққа Бейсеков 2018 жылы каналды 10 миллион теңгеге сатқанын айтты. Алайда сол кезең қайтып келсе, каналды мүлде сатпас едім, тіпті солармен (Salem Social Media) жұмыс істемес едім, - деп жауап берді.

Топтың режиссері Қуаныш Бейсеков митингілер туралы пікір білдіріп, елдегі ең соңғы ауқымды митингілер 2019 жылы президент сайлауынан кейін болғанын, сол митингіге қатысқанын мәлімдеді.

Бір сценарий үнемі қайталана береді. Бір кандидатқа төрт көзбояу кандидатты қосып қояды. Сіздердегі Жириновский сияқты. Бір кандидат – Қосанов шын кандидат, жаңа толқын өкілі сияқты еді, артынша ол да мемлекеттік жоба болып шықты, - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: