Жаңалықтар тізбегі
0

ЕАЭО елдері интеграциясын қаламайтын күштер бар - Назарбаев

eurasiancommission.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2021 22:46 eurasiancommission.org
Ол коронавирус пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс интеграциялық бірлестік беріктігі үшін сын болғанын баса айтты.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Назарбаев биыл 29 мамырда ЕАЭҚ туралы келісімге қол қойылғанына 7 жыл толатынын еске салды.

Бүгіндері ЕАЭҚ біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өзінің әлемдік экономикалық архитектурасын жүйелі түрде құра алды деп нық сеніммен айтуға болады. ЕАЭҚ біздің елдеріміздің ұлттық экономикаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ауқымды бірыңғай нарыққа айналды. Соңғы бес жылда біздің елдер арасындағы өзара сауда-саттық көлемі 23% -ға өсті, ал 2020 жылы ол 55 млрд долларды құрады. Онда да бұл дағдарыс кезінде. Біз бұдан да үлкен нәтижеге қол жеткізе алар едік, - деді Назарбаев.

Ол коронавирус пандемиясынан туындаған экономикалық дағдарыс интеграциялық бірлестік беріктігі үшін сын болғанын баса айтты.

Қауіпсіздік мәселелері бірінші орынға шығады, бұл - тамақпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандырудан бастап, цифрлық, қаржылық, физикалық инфрақұрылымның қауіпсіздігіне дейінгі мәселелердің кең ауқымы. Кейбір елдер өз-өзінен іштей тына бастады, мемлекетаралық қатынастардың шиеленісуі, сауданың нашарлауы және өзара кедергілердің артуы байқалады. Біз жаһандық сипаттағы және біздің одақтың белгілі бір аймақтарында мезгіл-мезгіл пайда болатын ерекше сыртқы қысымдардың күш сынағын бастан өткердік. Біздің аймақта тығыз интеграцияланудың болуын қаламайтын күштер бар. Мұндай тенденцияларға бой алдырмау керек. Мұның соңы қалай аяқталатынына біз бірнеше рет куә болғанбыз, - деп сөзін түйіндеді Елбасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: