Жаңалықтар тізбегі
0

Бішкекте Sputnik V вакцинасымен байланысты шу шықты

5-tv.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2021 16:40 5-tv.ru
Бүлінген вакцинаны есептен шығаруға тура келді.

Қырғызстанда коронавирусына қарсы Sputnik V - ресейлік вакцинасына байланысты шу шығып, бұл мәселе қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

30 сәуірде Бішкектегі №2 отбасылық медицина орталығындағы тоңазытқыш істен шығып, салдарынан 994 доза ресейлік вакцина бүлінген. Келтірілген шығын көлемі 840 мың сомды құрады.

Осыған байланысты №2 отбасылық медицина орталығы мен №1 Ленинск аудандық отбасылық біріккен медицина орталығының басшылары қызметінен босатылды. Бес қызметкерге сөгіс жарияланды.

Бүлінген вакцинаны есептен шығаруға тура келді.

24.kg ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қазір қырғыз Бас прокуратурасы бұл мәселені қолға алған.

Іс жүзінде иммунопрофилактика орталығы мамандарының қатысуымен комиссия тексеру жүргізді. Мұздатқыш шнуры электр розеткасынан ажыратылғандығы анықталды, бірақ мұздатқыштың өзі жұмыс істеп тұр.

Sputnik V вакцинасының алғашқы 20 мың дозасы Қырғызстанға 22 сәуірде жеткізілді. Ол Президент Садыр Жапаровтың Мәскеуге сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер аясында жүзеге асырылды. Қырғызстанға миллион доза вакцина, оның ішінде 500 мыңы гуманитарлық көмек түрінде беріледі деп күтіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: