Ресейде «Sputnik V» вакцинасының 9-11 жас аралығындағы балаларға әсерін бағалады
9-11 жас аралығындағы 14 егілген балада Sputnik V вакцинациясынан кейін елеулі жанама әсерлер байқалмады. Бұл туралы Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Гинцбург таяу болашақта тәуелсіз сарапшылар тобы 9-11 жас аралығындағы балаларды вакцинациялаудан кейін алынған зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, кіші жастағы – алты жастан сегіз жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін жиналатынын атап өтті.
Ресей Денсаулық сақтау министрлігі бұдан бұрын 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Sputnik V коронавирусқа қарсы вакцинаны оның тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткен қажетті зерттеулерден кейін тіркеу туралы шешім қабылдаған болатын. Қаңтар айының соңында Гамалея орталығы алты мен 11 жас аралығындағы балаларға арналған вакцинаның клиникалық сынақтарын өткізуге рұқсат алды.