Ресейде балаларға арналған «КовиВак» вакцинасының сынағына рұқсат етілді

Сынақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 00:03 Сурет: Zakon.kz
Бүгінгі таңда Ресей Федерациясында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді "Спутник М" вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы егуге рұқсат етілген. Екпе салу ата-ананың келісімі арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар тізіліміне алынған, балаларға арналған коронавирусқа қарсы КовиВак вакцинасы клиникалық сынағының үшінші кезеңіне рұқсат берді.

Зерттеулерге 1 050 ерікті қатысады деп жоспарланған.

Іс-шаралар Пермь, Самара, Мәскеу облысы және Санкт-Петербургтегі төрт медициналық мекеменің базаларында өтеді.

Бүгінгі таңда Ресейде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді Гамалеи атындағы орталық әзірлеген "Спутник М" вакцинасын коронавирус инфекциясына қарсы егуге рұқсат етілген. Препарат - "Спутник V"-нің жеңілдетілген нұсқасы. Вакциналау баланың ата-анасының жазбаша келісімі және өтініші бойынша жүргізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: