Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында соңғы қоңыраудан кейін 70 жасөспірім ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:37 polisia.kz
Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатарынан жедел штабтар құрылды.

Жамбыл облысында соңғы қоңыраудан кейін 70-тен астам жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық ортаға тартуды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырауға арналған іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарда патрульдік қызмет жасақтарының тығыздығын күшейтті, сондай-ақ шомылу орындары бақылауға алынды.

Қоғамдық тәртіпті бұзуды, оның ішінде мектеп оқушыларының қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты жағдайды бақылау мақсатында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары қатарынан жедел штабтар құрылды.

– Кафе мен мейрамханаларда мектеп бітіру кешін тойлауға немесе шақырылғандар көп жиналатын осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Тараз қаласының қызыл аймақта екендігін ұмытпауымыз керек, осыған байланысты барлық ойын-сауық орындары құқық қорғау органдарының жіті назарында болады, – деді облыстық ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов.

Аталған мереке қарсаңында облыстың барлық мектептерінде ата-аналар мен заңды өкілдер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмауға және жасөспірімдердің бос уақытына назар аударуды күшейтуге бағытталған ата-аналар жиналысына қатысты.

Мобильді топтардың рейдтері барысында ішкі істер органдарына 72 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, 76 ата-ана мен өзге де заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін кафе-бардың екі иесі жауапкершілікке тартылды. Дүкеннің екі иесі- алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, 71 ата-ана кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың бір дерегі анықталды. Тұтастай алғанда, облыс бойынша іс-шаралар өткізу барысында төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тарту деректері анықталмады, – деп сөзін түйіндеді Қуанышбек Қалжанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: