Жаңалықтар тізбегі
0

ҚТЖ жолаушылар пойыздарының кешігу себебін түсіндірді

railways.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 17:42 railways.kz
Жол жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстармен байланысты.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ темір жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бұзылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Темір жолдарды жаңғырту осы жылы сәуір айында басталды. Бұл жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін және жүк, жолаушылар пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған. Жөндеу штаттық тәртіпте, кешіктірілмей жасалуда. Коронавирус инфекциясымен күрес аясында барлық қауіпсіздік шаралары ескеріліп отыр. "ҚТЖ" ҰК" АҚ келтірілген ыңғайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және жұмыстарды тезірек аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

2001 жылдың 8 желтоқсанындағы ҚР "Темір жол көлігі туралы" заңының 80 бабы 3 тармағына сәйкес жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін айыппұл төлеу қарастырылған:

80 бап. Жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждарын жеткізу мерзімінің бұзылғаны үшін жауапкершілік.

3 т. Теміржол станцияларына жолаушы тасымалдап бара жатқан жолаушылар пойыздары кідіртіліп жөнелтілсе және кешігіп келсе тасымалдаушы жолаушыға жол жүру құжаты (билет) құнынан 3 пайыз көлемде кешіккен әр сағат үшін айыппұл төлейді. Бұл ретте кешіктіру мен кідіруіне қандай да бір басқа күштің салдары себеп болғанын дәлелдей алмаса жолаушыларға шығынын өтеп береді. Өндірілген айыппұл сомасы жол жүру құжатының құнынан асып кетпеуі керек. Жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін төленетін айыппұл тасымал ережелеріне сай жолаушылар арызы бойынша төленеді.

Өтемақыны алу үшін жолаушы вокзалдағы кезекшіден жол жүру құжатына міндетті түрде пойыздың кешіктірілгені туралы белгі соқтырады. Әрі қарай жолаушы сол құжат арқылы, сонымен қатар жеке куәлігін алып "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның кез келген кассасына барып, заң бойынша өзіне тиесілі өтемақыны алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: