Алматыда биыл жаңадан 8 мыңнан астам кәсіпкер тіркелді
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 1 тоқсанында жеке бизнес ашуға және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге ниет білдірген жеке тұлғалардың саны 8 500-ден астам салық төлеушіні құрағанын хабарлайды.
Бұл ретте, ыңғайлы болу үшін ЖК ретінде тіркеуді келесі тәсілдермен жүргізуге болады:
- Электронды - ҚР e-license электрондық лицензиялау порталы арқылы;
- Мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету орталықтары немесе "Азаматтарға арналған үкімет" МК арқылы келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы.
ЖК тіркеу үшін жіберілетін хабарламада0 ЖК жұмыс істейтін салық режимдерінің бірін өз бетінше таңдау қажет:
- АСР негізіндегі патент;
- АСР негізінде оңайлатылған декларация;
- АСР белгіленген шегерімді пайдалана отырып;
- Бөлшек салық АСР.
- Немесе жалпы белгіленген салық режимі.
Сонымен қатар, ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны Kaspi.kz банк қосымшасында беруге болады.
Жеке тұлғаны тіркеу есебіне қоюды салық органдары салықтық өтінішті алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
01.01.2020 жылдан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) (25.12.2017 жылдың Қазақстан Республикасы Заңымен қолданысқа енгізілген "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізілген) 57-4-бабы қолданысқа енгізілді.
Бұл норма микро және шағын бизнес компанияларын табыс салығын төлеуден үш жыл мерзімге босатуды көздейді.
01.01.2020 жылдан 01.01.2023 жылға дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер төленуге жататын келесі салықиар 100 пайызға азайтылады:
1) Салық кодексінің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының (төлем көзінен ұсталатыннан басқа) сомасы;
2) Салық кодексінің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасы;
3) Салық кодексінің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасы.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) болып танылады.
Естеріңізге сала кетсек, қолма-қол ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер кассалық аппараттарды онлайн, ал қызметтің жекелеген түрлері бойынша Pos-терминалдарды қолдануға міндетті.
Сондай-ақ, www.kgd.gov.kz сайтында немесе "E-Salyq Azamat"мобильді қосымшасында кәсіпкер статусын тексеруге болады.
Салықтар және басқа да көптеген мәселелер туралы толығырақ, 1414-3 немесе @dgdalmaty телефонынан біле аласыз.