АҚШ-тың Novavax вакцинасы 90%-дан астам тиімділік көрсетті
Америкалық Novavax фармацевтикалық компаниясы дүйсенбі күні COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны клиникалық сынаудың үшінші кезеңінің нәтижесін жариялады.
Оның нәтижелігі 90,4% құраған. Вакцинаны сынауға АҚШ пен Мексикадан 30 мыңнан астам ерікті қатысқан, дейді centralasian.org.
Ақпаратқа қарағанда, ол індеттің ауыр өткен түрін 100% нәтижемен алдын алуға болатыны көрсетілген. Себебі клиникалық сынаққа қатысқан еріктілердің бірі де коронавирустың ауыр түркімен ауырмаған.
Novavax көктемде АҚШ-та өзінің вакцинасын тіркеу жөнінде өтініш берген.
Әзірге АҚШ-та Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson компанияларының препараттары тіркеліп, қолдауға ие болған. Құрама Штаттарда қазіргі күнге дейін халықтың 140 миллионнан астамы екпе салдырған.