Жаңалықтар тізбегі
0

Монополияға қарсы заңды бұзу фактісі бойынша 29 іс қозғалды - Жұманғарин

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 17:07 inbusiness.kz
Агенттік басшысы 2020 жылы монополияға қарсы реттеу аясында әртүрлі аспектілер бойынша 109 тергеу аяқталғанын айтты.

Қазақстанда монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша 29 іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы үкіметтің отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жұмангариннің айтуынша, бүгіндері әділ бәсекелестікке кедергі болатын негізгі мәселелерді шешуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжат дәрі-дәрмектерді сату нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту нормаларын да қамтиды.

Бұл нарық жоғары деңгейде реттелген. Егер бір-бірін алмастыра алатын дәрі-дәрмектер болса, бағасы мемлекеттік реттеуге жататын дәрі-дәрмектердің санын азайту жоспарланып отыр, - деді ол.

Агенттік басшысы 2020 жылы монополияға қарсы реттеу аясында әртүрлі аспектілер бойынша 109 тергеу аяқталғанын айтты.

Бүгінгі күні 29 тергеу ісі жүріп жатыр, - деді Жұмангарин.

Сонымен бірге, "жұмсарту құқығы" тиімді институты өзінің қажеттілігін дәлелдеді.

Осы уақыт ішінде 210 хабарлама, 6 ескерту, 138 монополияға қарсы сәйкестік актісі жасалды. Мұның бәрі Мемлекет басшысының түрлі тапсырмаларын орындауға, медициналық маскалар, ПТР-тестілеу бағасын төмендетуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні құрылыс материалдары нарығында жұмыс жүргізіліп жатыр, әлеуметтік маңызы бар және тұрғын үй құрылысына қажетті өнімдер мен тауарлар бағасы өсімін тежеу мүмкін болды, деп сөзін қорытындылады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: