Жаңалықтар тізбегі
0

2021 жылы Ақтөбе облысында 465 шақырым жол жөнделеді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 19:29 zakon.kz
Облыстық автобус бағытындағы 10 тасымалдаушының шығынын субсидиялауға 96 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жеткізді, деб хабарлайды zakon.kz.

Облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі бүгінгі күні 61% құрайды. 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 48% болды. Биыл 465 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66%-ға дейін артады. Оңдасын Оразалин

Атап айтқанда, 2021 жылы құны шамамен 47 млрд теңге болатын Ақтөбе - Атырау - РФ (Астраханға баратын жол) шекарасы арасындағы автокөлік жолын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге "Ақтөбе-Қандыағаш" учаскесін қалпына келтіру жұмыстары басталды, жобаның жалпы құны 62,5 млрд. теңге.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Ақтөбе - Орск, Ақтөбенің Оңтүстік айналма жолы, Қобда - Мәртөк учаскелерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу сияқты ірі жобаларды аяқтау жоспарлануда.

Қалалық тасымалдау жұмыстарына келетін болсақ, мұнда электронды төлем жүйесі мен жолақының дифференцияланған түрі енгізіліп, 250 қалалық маршруттық автобустарда валидаторлар орнатылған.

Облыстық автобус бағытындағы 10 тасымалдаушының шығынын субсидиялауға 96 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Теміржол тасымалы саласында биыл әлеуметтік маңызы бар "Ақтөбе-Шалқар" ауданаралық байланысын субсидиялауға 324 миллион теңге бөлінді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 19:29

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 19:29

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 19:29

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 19:29

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: