Жаңалықтар тізбегі
0

Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым – Жаз атамның жайлауы

Мойынқұм ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2021 20:03 Мойынқұм ауданы
Айтыс басталмас бұрын Жаз ата ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етілді.

23 маусымда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының мәдениет үйінде облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құтқа толы Хан тауының қойнауы, Мойынқұмым — Жаз атамның жайлауы" атты облыстық ақындар айтысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбылдың туғанына 175 жыл толуына, Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жыр додасына облыс бойынша 16 айтыскер ақын қатысты.

Ақындар айтысы басталмас бұрын Жаз ата ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етілді.

Айтыс барысында ақындар Тәуелсіздігіміздің тұғырын текті жырлармен толғап, Мойынқұм ауданының тарихын, тәуелсіздікке жету жолында тер төккен ерлердің еңбегін, елдің бірлігін, берекелі тірлігін жырға қосты.

Сайыс қортындысы бойынша бас жүлдені Жуалы ауданынан келген Қанат Мырзахан қанжығасына байлады. Бірінші орынды Мойынқұм ауданынан келген Ғабит Есдәулетов иеленді. Т.Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Асхат Қылышбек және Байзақ ауданынан келген Дархан Әбдіманат екінші орынды қанағат тұтты. Ал жүлделі үшінші орын Жуалы ауданының тумасы Дидар Апбасовқа және Нұрлыбек Құрмановқа, сондай-ақ Тараз қаласынан келген Медеу Мырзатай мен Төлеби Тәңірбергенге бұйырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2021 20:03

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2021 20:03

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: