Францияда соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге тағзым етілді

Францияда соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге тағзым етілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 09:38 Сурет: pexels
Францияда 2025 жылғы 7 мамырда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске алу шарасы О-де-Франс аймағындағы Нуайе-Сан-Мартен зиратында өтті. Бұл – кеңес әскері жауынгерлеріне арналған Франциядағы ең үлкен қорым. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімге "24KZ" телеарнасының ақпаратынша, Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Армения және Тәжікстанның дипломаттары қатысты. Олар ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жарияланды.

"Сұрапыл соғыс жылдары Кеңес Одағының 27 млн азаматы қаза тапты. Олардың 20 миллионы қатардағы жауынгерлер. Осы зиратта кеңес әскерінің бірнеше мың сарбазы жерленген. Кейбірі Францияға кеніш пен зауытта жұмыс істеуге жіберілді. Бірақ, көбі Қарсыласу қозғалысына қосылды. Олар Кеңес әскерінің жауынгері бола тұра, Францияның еркіндігі үшін ерлікпен күресті". Сильван Пинар, тарих жөніндегі қауымдастықтың жетекшісі

Франция аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің нақты саны әлі күнге дейін белгісіз. Еліміздің дипломаттары, сол майданнан туған жердің топырағы бұйырмаған сарбаздардың сүйегін іздеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бұған дейін Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дрондар шоуы өтетіндігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: